Рейс аптасына екі рет қатынайды.
Фото: Almaty_akimdigi telegram
ERNUR.KZ. 10 қазанда вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты, деп жазады inbusiness.kz.
Airbus A330 ұшақтары бұл бағытта аптасына екі рет қатынайды. Бұл туралы Алматы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.
Әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығының арқасында жолаушылар бүкіл бағыт бойынша ғана емес, Алматы мен Прага арасында да жеке ұша алады.
2025 жылы Алматыға келген Вьетнам туристерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен. Жаңа әуе бағыты екі ел арасындағы туристік байланысты нығайтып, Алматының вьетнамдық саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.


