Колумбияда заңсыз алтын өндірілетін шахта опырылып, 14 адам көз жұмды

0
88

Апат кезінде шахтада 30-ға жуық кенші болған.


Колумбияда заңсыз алтын өндірілетін шахта опырылып, 14 адам көз жұмды

фото: Sputnik / Александр Лыскин

ERNUR.KZ. Колумбияда заңсыз алтын өндірілетін шахта опырылып, 14 адам көз жұмды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Трагедия елдің оңтүстік-батысындағы Санта-Барбара-де-Искуанде муниципалитетінде болды.
Апат кезінде шахтада 30-ға жуық кенші болған. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар үйінді астында қалған адамдарды шығарып алған. Тағы жеті адам жарақат алған.