Коронавирус: Өлім-жітім деңгейін арттыратын себеп анықталды

0
687

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырған 12,1 миллионнан астам жағдай анықталып, 551 мыңнан астам адам асқыну салдарынан көз жұмды.


Коронавирус: Өлім-жітім деңгейін арттыратын себеп анықталды

ERNUR.KZ. Адам қанындағы қанттың жоғары деңгейі COVID-19 коронавирус инфекциясының ауыр түрлерінен болатын өлім қаупін екі есе арттырады, деп жазады baq.kz.

Ғалымдар 24 қаңтар мен 10 ақпан аралығында коронавируспен ауруханаға жатқызылған Ухань қаласының 600-ден астам тұрғынының ауру тарихын зерттеді. Коронавирустық инфекциядан көбінесе (2 еседен артық) қандағы глюкоза деңгейі жоғары адамдар қайтыс болған. Бұл жағдайда барлық адамдар бұрын анықталмаған диабеттен зардап шекті деп болжау қиын, себебі глюкоза деңгейі жоғары науқастардың жалпы саны 29 пайызға жақындады, ал қытай халқының тек 12 пайызы ғана диабетиктер болып табылады, - делінген зерттеуде.
Қандағы қанттың жоғары деңгейі тромбтар мен қабынуға әкеліп соғады, сондай-ақ қан тамырларының жұмысын нашарлатады, деп есептейді ғалымдар.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы наурыз айында COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялағаны белгілі. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша әлемде коронавирус жұқтырған 12,1 миллионнан астам жағдай анықталып, 551 мыңнан астам адам асқыну салдарынан көз жұмды.