Коронавирусқа қарсы екпе алмағандар тойға бара алмайды

0
579

Тәжікстанның Соғды облысында коронавирусқа қарсы екпе алмағандарға тойға және басқа шараларға баруға тыйым салды.


Коронавирусқа қарсы екпе алмағандар тойға бара алмайды

ERNUR.KZ. Бұл шешімді облыстық денсаулық сақтау басқармасы шығарған, деп жазады centralasian.org.

Тойға барған қонақтарды санэпид станциясының қызметкерлері тексеруден өткізеді.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 30 қарашада 3 млн 206 мың (51,8%) адам вакцина салдырған. Екпенің екінші компонентін 2 млн 590 мың 545 (44,5%) адам алған.