Косово мен Сербия арасында азаматтардың қатынауына қатысты туындаған жанжал шешілді

0
841

Еуроодақ өкілдері және екі ел делегациясының қатысуымен өткен келіссөздерден кейін тараптар осындай мәмлеге келді.


Косово мен Сербия арасында азаматтардың қатынауына қатысты туындаған жанжал шешілді

ERNUR.KZ. 2008 жылы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялаған Косово мен Сербия арасындағы азаматтардың қатынауына қатысты туындаған жанжал шешілді, деп жазады 24.kz.

Еуроодақ өкілдері және екі ел делегациясының қатысуымен өткен келіссөздерден кейін тараптар осындай мәмлеге келді. Кездесу қорытынысы бойынша Сербия мен Косово,,,екі ел азаматтарынан шекара асқанда арнайы құжат талап етпеуге келісті.

Айта кеткен жөн, өңірдегі ахуал шілденің соңында ушығып кеткен. Косово билігі көрші елден келгендер үшін уақытша құжаттар енгізуге ниеті барын айтқан. Мәлімдеме соңы жанжалға ұласып, сербтер наразылыққа шыққан. Салдарынан бірнеше адам жарақат алған еді.