Кремль Путин мен Трамптың не талқылағанын жариялады

0
653

Ресей тарапы АҚШ пен әлемдік нарықтарға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екенін растады.


Кремль Путин мен Трамптың не талқылағанын жариялады

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ президенті Дональд Трамппен өткізген әңгімесінің қорытындысына қатысты мәлімдемесі Кремльдің ресми сайтында жарияланды, деп жазады inform.kz.

Ресей президентінің айтуынша, әңгіме барысында Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі, Иран төңірегіндегі жағдай және екіжақты қарым-қатынастар талқыланған.

Сондай-ақ Ресей тарапы АҚШ пен әлемдік нарықтарға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екенін растады.

Путиннің пікірінше, бұл жаһандық экономикаға оң әсер етуі мүмкін.

Бұдан бөлек тараптар президенттердің тікелей байланысын және екі елдің президент әкімшіліктері, арнайы қызметтері мен өзге де ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Киевті Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасамауға үндеген еді.