Күнде ең күшті X класына жақын алау пайда болды

0
215

Рентген сәулелерінің қуатына қарай күн алаулары бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X.


Күнде ең күшті X класына жақын алау пайда болды

ERNUR.KZ. 25 қарашада қолданбалы геофизика институтының ғалымдары Күнде X класына жақын қуатты алауды тіркегенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Ғалымдардың сөзінше, екі алау 25 қарашада тіркелген. Олар М1.1 және М1.8.

"25 қарашада Астана уақытымен сағат 12:42-де рентген диапазонында ұзақтығы 34 минут болатын M9.4 (N21E89) алауы тіркелді", – делінген хабарламада.

Рентген сәулелерінің қуатына қарай күн алаулары бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X.

Ең төменгі класс A0.0 Жер орбитасындағы 1 шаршы метрге 10 нВт сәуле шығару қуатына сәйкес келеді.

Келесі В класына өткенде қуат 10 есе артады. Әдетте алаулар күн плазмасының шығарындыларымен бірге жүреді. Олардың бұлты Жерге жетіп, магниттік дауылдар тудыруы мүмкін.