Сарапшылардың айтуынша, олардың бағасы неғұрлым арзан болған сайын, оның құрамындағы ет соғұрлым аз және улы канцерогендер көп болады.
ERNUR.KZ. Диетологтар сосисканы, жартылай фабрикат тағамдар мен консервіні ең зиянды азық-түліктер тізіміне енгізді, деп жазады sputniknews.kz.
MedDaily хабарлағандай, өңделген ет өнімдерінен жасалған сосиска мен шұжық зиянды тағамдар тізімінде бірінші орынды иеленді. Сарапшылардың айтуынша, олардың бағасы неғұрлым арзан болған сайын, оның құрамындағы ет соғұрлым аз және улы канцерогендер көп болады.
Бұл рейтингте екінші орынға фосфаттар мен транс майларға бай арзан жартылай фабрикаттар орналасқан. Сондықтан, диетологтар арзан ірімшіктерді сатып алмауға кеңес береді, себебі олар көп жағдайда денсаулыққа зиянды маргариннен жасалады екен.
Үшінші орынға мамандар консервіні қойды. Диетологтардың пікірінше, азық-түліктің бағасы маңызды рөл атқарады, себебі арзан балық консервісінде банканың тотығуына байланысты көптеген ауыр металл пайда болуы мүмкін.