Құс тұмауы: Бразилия төтенше жағдай жарияланды

0
946

Елде алты айлық мерзімге төтенше жағдай жарияланды.


Құс тұмауы: Бразилия төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Құс тұмауын жұқтырудың жеті оқиғасы Эспириту-Санто штатында, тағы біреуі Рио-де-Жанейро штатында тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Бразилия - тауық етін әлемдегі ең ірі экспорттаушы ел. Оның жылдық сатылымы шамамен 10 млрд АҚШ долларын құрайды.

Билік өкілдері құс тұмауының Бразилияның оңтүстігіндегі негізгі өндірістік аймақтарынан алыс жерде анықталғанын айтты.

Елде сақтық шарасы ретінде 180 күн бойы денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жарияланды.