Қырғыз елінің президенті оқшауланды

0
2 496

Садыр Нұрғожоұлы жақында болатын Ресейге сапарына дайындалып жатыр.


Қырғыз елінің президенті оқшауланды

ERNUR.KZ. Ресейге сапарының алдында Садыр Жапаров өзін-өзі оқшаулап, үй карантинінде отыр, деп жазады zakon.kz.

Садыр Нұрғожоұлы жақында болатын Ресейге сапарына дайындалып жатыр. Ол пандемия жағдайында эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлады РИА Новостиге Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің өкілі.

Сапардың нақты күні әлі белгісіз.

Қаңтардың соңында Жапаровтың Ресейге алғаш рет ресми сапармен баратындығы белгілі болды. Сапар барысында Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланған.

Алайда, алдында Жапаров өзінің президент ретіндегі алғашқы сапары Қазақстанға арналатынын мәлімдеген еді.