Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

0
140

Тиісті Жарлық жарияланды.


Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Фото: president.kg

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мерзімінен бұрын парламент сайлауын 30 қарашаға белгіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Садыр Жапаров тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл ақпарат Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

"Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңешіне депутаттардың кезектен тыс сайлауы 2025 жылғы 30 қараша, жексенбі күніне белгіленсін. Орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясына сайлауды заңнамаға сәйкес ұйымдастыру тапсырылады. Сайлауда қашықтан дауыс беру тәсілі қолданылсын", – делінген құжатта.

Елдегі министрлер кабинетіне сайлауды өткізу үшін қажетті қаражатты бөлу міндеті жүктелді.