Қытай биыл әскери шығындарын 7 пайызға өсірмек. Оның жалпы сомасы 225 млрд долларға дейін артады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы жексенбіде Бейжіңде ашылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясында айтылды, деп жазады inbusiness.kz.
Екі аптаға созылатын съездің барысында Си Цзиньпин Мемлекет басшысы ретінде бекітіледі. Сонымен бірге жаңа премьер-министр, қаржы саласы мен орталық банктің жетекшілері тағайындалады. Қытайда Халық өкілдерінің жиналысымен бірге Халықтық саяси консультативтік кеңесінің съезі өтіп жатыр.