Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды

0
468

Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды.


Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Метеорологтердің мәліметі бойынша, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерлерде тауда сел жүру қаупі артқан.

Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындалу ескертілді.

Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және ең жоғарғы қызыл деңгей.