Қытайда ер адам балабақшада бірнеше адамды пышақтап кетті

0
556

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында балабақшаға жасалған шабуылдан алты адам қаза тауып, бір адам жараланды.


Қытайда ер адам балабақшада бірнеше адамды пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Қытайдың Гуандун провинциясында балабақшада жасалған шабуылдан алты адам қаза тапты. Полицейлер кімдер қаза тапқанын ашып айтқан жоқ, деп жазады zakon.kz.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында балабақшаға жасалған шабуылдан алты адам қаза тауып, бір адам жараланды.
Жантүршігерлік жағдай Хэншан қаласында сағат 07:40 шамасында болған. 25 жастағы Ву есімді күдіктіні полиция таңғы сағат 8:00 шамасында ұстады. Кейін оның пышақпен қаруланғаны мәлім болды.

Қаза тапқандардың аты-жөні жарияланған жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, қаскүнем мұғалімді, екі ата-анані және үш оқушыны мерт қылған.