Қытайға сапарлап барған Моңғолия президентін өз елінде карантинге жатқызып қойды

0
1 143

Президенті Халтмагийн Баттулгамен бірге аспан асты еліне сыртқы істер министрі, елдің ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі, генерал-майор, төтенше жағдайлар бойынша басты басқарманың басшысы, президент әкімшілігінің басшысы және президенттің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі барғаны белгілі болды.

Қытайға сапарлап барған Моңғолия президентін өз елінде карантинге жатқызып қойды

ERNUR.KZ. Аспан асты еліне іс-сапармен болған Моңғолия делегациясы екі аптаға карантинге жатқызылды. Олардың арасында ел президенті Халтмаагийн Баттулга да бар, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Моңғолия делегациясы елдеріне Қытайдан кеше, 27 ақпанда келіп, толық құрамда карантинге жатқызылған.

Ел президенті, сыртқы істер министрі және төтенше жағдайлар бойынша басты басқарманың басшысы Баянзурх ауданындағы министрлік ауруханасында 14 күн тексеріледі.

Іс-сапарға президентпен еріп баған қалған делегация мүшелері арнайы санаторийге жіберілді.

Олар коронавирусты тексерудің нәтижелері шыққанға дейін екі апта бойы карантинде оқшауланады.