2018 жылы рейтингке әлемнің 63 елі қатысты.
фото naryk.kz
2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
IMD рейтингі экономикалық белсенділік, үкімет тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторларды бағалайтын жан-жақты зерттеудің нәтижесі болып табылады. Жылнамада 340 көрсеткіш қамтылып, олардың 2/3 статистикалық деректер негізінде, 1/3 – сауалнамаға сәйкес есептелінеді.
2018 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 38-орынды иеленді.
2018 жылы рейтингке әлемнің 63 елі қатысты. Биыл рейтингті АҚШ бастады. Ең бәсекеге қабілетті елдер – бұрынғысынша Гонконг, Сингапур, Нидерланды, Швейцария. ТМД елдерінің арасында Қазақстан жоғары орында тұр, Ресей – 45-орында, ал Украина – 49-орында.