Ұлыбританияда «қант салығы» енгізілді

0
2 582

Ұлыбритания қаржы министрлігінің мәліметінше 2016 жылы «қант салығы» жөнінде мәселе көтерілгеннен кейін кәсіпкерлер өнімдеріндегі қант үлесін төмендетті. Сусындардан қысқартылған тәтті мөлшері жылына 45 мың тоннаны құрап отыр.


Ұлыбританияда «қант салығы» енгізілді

Бүгіннен бастап күні Ұлыбританияда аса көп мөлшерде қант үлесі бар сусындарды өндірушілерге қатысты «қант салығы» күшіне енеді. Британдық ғалымдар семіру мәселесіне, әсіресе жастар арасындағы семіруге осындай жолмен тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ ria.ru-ға сілтеме жасап.

Салық 100 миллилитр сұйықтықта қант үлесі 5 граммнан көп болған жағдайда алынады. Егер сусында қант мөлшері 8% жоғары болса, салық көлемі де өседі. Дегенмен, сүтті сусындарға бұл салық салынбайды, себебі олар дұрыс тамақтану диетасында қажетті. Жиналған соманы мектеп жасындағы балалардың физикалық белсенділігін арттыратын тағамдарға жұмсау көзделіп отыр.

Ұлыбритания қаржы министрлігінің мәліметінше 2016 жылы «қант салығы» жөнінде мәселе көтерілгеннен кейін кәсіпкерлер өнімдеріндегі қант үлесін төмендетті. Сусындардан қысқартылған тәтті мөлшері жылына 45 мың тоннаны құрап отыр. «Ережеге бағынбайтын кәсіпкерлерден шамамен жылына 240 миллион фунт салық жиналады деп жоспарлануда»,-деп ескертті елдің қаржы министрлігі.