Құтқарушылар оларды алтыншы күн қатарынан іздеуде.
Фото: Bild
ERNUR.KZ. Ресми мәлімет бойынша, "Тришули" ГЭС-інің 933 жұмысшысы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп жазады inbusiness.kz.
Билік олардың шамамен 350-і опырылған тоннельдің ішінде қамалып қалуы мүмкін деп болжап отыр.
Құтқарушылар тоннельдің үйінді басқан жоғарғы бөлігіне арнайы тесік бұрғылап, ішке ауа жіберген. Сондай-ақ, тоннельге камера түсірілгенімен, бейнежазбадан адамдардың белгісі байқалмаған. Бір күн бұрын әскери қызметшілер арнайы тесік арқылы төмен түсіп, тірі қалғандар болса, дауыстап шақырған. Десе де, ешқандай жауап естілмеген.
Енді құтқарушылар тоннельге кіретін жолды жарылыс жұмыстары мен ауыр техниканың көмегімен кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыдан соң мамандар оттегі бетперделерін киіп, тоннельдің ішіне кірмек.
Құтқару операциясына нөсер жаңбыр мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі кедергі келтіріп жатыр. Сонымен қатар, аймақта жаңа су тасқынының қаупі бар.
Қытай билігі Непалды өзендердегі су ағынының артуы мүмкін екенін ескерткен. Ал жергілікті билік табиғи апат салдарынан пайда болған кратерлердің бірінде жиналған шамамен 1,4 миллион текше метр судың деңгейін бақылауда ұстап отыр.


