Құтқарушылар 324 шетелдік азаматты эвакуациялады.
Фото: Xinhuа
Құтқарушылар 324 шетелдік азаматты эвакуациялады.
Қытай тарапының мәліметі бойынша, 16 адам қаза тапты, ал шамамен 550 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тіркелген кейбір туристер билік органдарына хабарласа бастады. Мәселен, Аустралия премьер-министрі жоғалып кеткен аустралиялықтардың саны 43-тен 38-ге кемігенін хабарлады.
Тағы бес шетелдік турист Непал билігімен телефон немесе электрондық пошта арқылы байланысқан.
Непал — Қытай шекарасында да құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қытайлық мамандар ауыр техниканың кіруіне мүмкіндік беру үшін Гиронг портының маңындағы зардап шеккен аймаққа уақытша жол салды.
Шекара кешені су, балшық және тас тасқынынан қирап қалған.
Еске салайық, 26 тамызда Непал-Қытай шекарасының маңында болған су тасқыны алапат көшкінге ұласқан еді.
Бұған дейін Қытай Халық Республикасының Су ресурстары министрлігі Непалдағы Цоцзян өзенінде жаңа көшкіндер мен кішігірім көлдің пайда болу қаупі туралы ескерткен болатын.


