BBCдің хабарлауынша, бұл туралы екі ел басшылары бүгін өткен келіссөзден соң мәлімдеді.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин 27 сәуірдегі тарихи саммиттен соң Корей түбегін ядролық қарудан арылтуда бірге жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды Азаттық Радиосы BBC-ге сілтеме жасап.
BBCдің хабарлауынша, бұл туралы екі ел басшылары бүгін өткен келіссөзден соң мәлімдеді. Келіссөз Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореямен шекарасына жақын Пханмунджом елді мекенінде өтті.
Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин келіссөз қарсаңында екі ел шекарасына бейбітшілік белгісі ретінде қайың ағашының қос көшетін отырғызды.
Көшеттер 1953 жылы Корей түбегіндегі соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылған соң отырғызылған қайың ағашынан алынған.