Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмыс уақыты тағы да қысқарды

0
487

Ауа райының салқындауынан газ қысымы төмендеген.


Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмыс уақыты тағы да қысқарды

ERNUR.KZ. Қысымының төмендеуіне байланысты 12 желтоқсаннан бастап Өзбекстандағы газ құю бекеттері күніне тек 6 сағат жұмыс істейді. Яғни, жаңа кестеге сай, станциялар 6:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп жазады inform.kz.

«Худудгазтайминот» компаниясынан мәлім еткендей, ауа райының салқындауынан газ қысымы төмендеген. Осыған орай тиісті шешім қабылданып отыр.

«Бұл шаралар уақытша және ауа температурасының күрт төмендеуі кезінде ғана қолданылады. Қазіргі таңда тапшылық жоқ, газ барлық өңірлерге қажетті көлемде жеткізіліп жатыр», - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Осыған байланысты «Худудгазтайминот» жекелеген аудандар мен үйлерде тапшылық болмас үшін азаматтардан газды тек негізгі қажеттіліктер үшін пайдалануды, ал үйден шыққан кезде жылыту жабдықтарын өшіріп кетуді сұрады.

Еске салайық, газ құю бекеттерінің жұмыс уақыты бұған дейін де шектелген еді. Атап айтқанда, станциялар 9 желтоқсаннан бастап 6:00-ден 15:00-ге дейін қызмет көрсетіп келді.