Өзбекстанда тойға келген қонақтар мен жас келін коронавирус жұқтырды

0
867

Қазіргі уақытта осы тойда болған жүзге тарта адам коронавирусқа тесттен өткен.


Өзбекстанда тойға келген қонақтар мен жас келін коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда тойға келген 12 қонақ пен жаңа түскен келін коронавирус жұқтырып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ташкент қаласының Юнусабад ауданында жергілікті тұрғын төрт күннің ішінде екі той өткізіп үлгерген.

Той-томалақ салдарынан 12 адам, сондай-ақ жаңа түскен келін де індетті жұқтырып алған.

Қазіргі уақытта осы тойда болған жүзге тарта адам коронавирусқа тесттен өткен. Сонымен қатар шараларға қатысқандардың бәрі – той иесінің отбасы мүшелері, туыстары мен онымен байланыста болған адамдар стационарлық және үй карантиніне жатқызылған.