Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп танылды

0
450

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, халықтың 33% сайлауға қатысып, дауыс берсе, онда сайлау өтті деп танылады.


Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп танылды

Фото: Әлихан Аскар/Kazinform

ERNUR.KZ. Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп танылды, деп жазады inform.kz.

Орталық сайлау комиссиясының 13:00-дегі мәліметіне сай, сайлаушылар тізіміне енген 19,9 млн сайлаушының 47,6% дауыс берді.

«Сайлау өтті деп танылды», - деді ОСК төрағасының орынбасары Бахром Кучкаров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, халықтың 33% сайлауға қатысып, дауыс берсе, онда сайлау өтті деп танылады.

Еске салайық, бүгін Өзбекстанда Заң шығару палатасына (парламенттің төменгі палатасы) және облыс, қала мен аудан кенгаштарының депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Биыл парламент сайлауы тұңғыш рет пропорционалды-мажоритарлық жүйемен өтеді.

Сонымен қатар, сайлау күні түрлі себептерге байланысты тұрғылықты мекенжайында бола алмайтын тұрғындар үшін 16-23 қазан аралығында мерзімінен бұрын дауыс беру ұйымдастырылды. Онда 1 миллионнан астам сайлаушы өз таңдауын жасады.

Еске салсақ, парламент сайлауына 5 партия қатысып жатыр: Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы, Өзбекстанның экологиялық партиясы, Халықтық-демократиялық партия, «Милли тикланиш» демократиялық партиясы және «Адолат» социал-демократиялық партиясы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстандағы парламент сайлауында кейбір учаскелерге электрондық дауыс беру жүйесі енгізілді.