Фарук Ахмедтің мәліметінше, апат салдарынан 14 бала қаза тауып, тағы он шақты зардап шеккеннің жағдайы ауыр.
Фото: Видеодан алынған скрин/Geo News
ERNUR.KZ. Пәкістанның Лахор қаласында оқу орталығының шатыры опырылып, кемінде 14 бала қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды, деп жазады inform.kz.
Фарук Ахмедтің мәліметінше, апат салдарынан 14 бала қаза тауып, тағы он шақты зардап шеккеннің жағдайы ауыр. Осыған байланысты құрбандар саны артуы мүмкін.
Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздеу және құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.


