Палестина алғаш рет «Әлем аруы» байқауына қатыспақ (ВИДЕО)

0
131

​Үміткер байқауға өз шындығымен қатысатынын айтты.


Палестина алғаш рет «Әлем аруы» байқауына қатыспақ (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/p/DNS211aytKS/

ERNUR.KZ. Палестина биыл алғаш рет «Әлем аруы – 2025» халықаралық сұлулық байқауында өз өкілін ұсынбақ. Ел намысын модель, фитнес-жаттықтырушы және қоғам қайраткері Надин Аюб қорғайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы ол байқаудың ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған үндеуінде хабарлады.

«Тарихта алғаш рет Палестина «Әлем аруы» байқауында ұсынылатынын жариялау – мен үшін үлкен мәртебе. Мен бұл сахнаға тек «Палестина аруы» атағымен ғана емес, шындықпен шығамын. Қазіргі таңда Палестина, әсіресе Газа, ауыр күндерді бастан өткеріп жатыр. Мен – үнсіз қалмайтын халықтың дауысымын. Әлем әр палестиналық әйел мен баланың қайсарлығын көруі тиіс. Біз тек қана қайғымызбен шектелмейміз, бұл – төзімділік, үміт және жүрегімізде өмір сүретін отанның соғысы», – деді Надин Аюб.

«Әлем аруы – 2025» байқауы 2025 жылдың 21 қарашасында Таиландтың Паккред қаласындағы Impact Challenger Hall сахнасында өтеді. Бұл байқау тарихтағы 74-ші «Әлем аруы» конкурсы болмақ.