Полицейлер құжаттарды тексеру үшін Mercedes AMG көлігін тоқтатқанын айтты. Алайда жүргізуші тексеру орнынан қашуға әрекет жасаған.
ERNUR.KZ. Париж маңында 17 жасар жасөспірім полиция қызметкері атқан оқтан қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Полицейлер құжаттарды тексеру үшін Mercedes AMG көлігін тоқтатқанын айтты. Алайда жүргізуші тексеру орнынан қашуға әрекет жасаған.
Содан кейін офицер көлікке оқ жаудырды, өйткені ол жүргізушінің өзін қағып кететініне сенімді болған.
Бұл ретте БАҚ өкілдері видеода офицердің көліктің алдында емес, жүргізушінің есігін жағында тұрғаны анық көрініп тұрғанын жазуда. Атыстан кейін жүргізуші көлікті басқара алмай, бағанаға соғылған.
Жүргізуші 17 жастағы жасөспірім болып шықты. Салдарынан қала маңында, содан кейін Парижде тәртіпсіздіктер басталды.
Көңілдері толмағандар полиция ғимаратының маңында баррикадалар тұрғызып, қоғамдық орындарды талқандап, қоқыс жәшіктерін өртей бастады.
Полиция көзден жас ағызатын газ атып, жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Франция президенті Эммануэль Макронға қастандық жасамақ болды деген күдікпен 20 жастағы радикал белсендіні ұстағаны хабарланған болатын.
Ұсталғанның өзі де өз әрекетін жоққа шығармағаны және Макронға ел тұрғындарының оның саясатымен келіспейтінін осылайша түсіндіргісі келетінін айтқаны атап өтілді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Макронның зейнет жасын ұлғайту туралы жанжалды заңға қол қойғаны белгілі.
Француз азаматтары көктемнің басынан бері зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруді көздейтін зейнетақы реформасы туралы заңға наразылық білдіруде. Сондай-ақ, күзде күшіне енетін заңда бірқатар арнайы зейнетақы режимдері жойылған.
Биліктің әрекеті бүкіл елдің наразылығын тудыратынын атап өтіп, өтіп жатқан митингілер тарихи деп аталды.
Бұқаралық ақпарат құралдары 1 мамыр күні Испания мен Германияда да митингілер өткенін, онда халық инфляцияның өсуіне және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне наразылық білдіруге шыққанын жазады. Олар лайықты жалақы мен ресурстардың әділ бөлінуін талап етеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Конституциялық кеңесі ештеңеге қарамастан зейнетақы реформасын заңды деп танып, зейнет жасын 64 жасқа дейін ұлғайтуды мақұлдаған.