Путин Украинадағы дағдарысты Си Цзиньпинмен талқылады

0
111


Путин Украинадағы дағдарысты Си Цзиньпинмен талқылады

фото: Кремль

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу жөніндегі күш-жігерді талқылады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің президент Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге қатысты соңғы ақпараттарды Си Цзиньпинмен бөлісті", – деді Ушаков журналистерге.
Еске сала кетейік, бүгін Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Абу-Дабиде Украинадағы жағдайды реттеуге арналған үшжақты келіссөздің жаңа кезеңі басталғанын хабарлады. Келіссөз процесі үшжақты форматта – Украина, АҚШ және Ресейдің қатысуымен ұйымдастырылған.