Ресей Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен аяқтағысы келеді – Путин

0
87

Путин тікелей эфирде жылдың қорытындысын жасап жатыр.


Ресей Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен аяқтағысы келеді – Путин

фото: Sputnik / Сергей Бобылев

ERNUR.KZ. Ресей әлі күнге дейін Украинаның аумақтық мәселені талқылауға дайын екенін көрмей отыр, деді Путин "Жыл қорытындысында", деп жазады sputnik.kz.

Десе де Ресей Украина тарапынан диалог жүргізуге дайын екендігі туралы бірқатар белгілерді көреді, дейді Путин. Сондай-ақ ол 2024 жылы сыртқы істер министрлігінде баяндалған тезистері негізінде Украина бойынша келіссөздерге дайын екенін растады.

Әскери қақтығыс аймағындағы жағдайға келетін болсақ, стратегиялық бастама толығымен Ресей қарулы күштерінің қолына өтті. Әскер барлық бағытта алға жылжып жатыр, деді Путин.

Қарсыластан босатылған Северскіден Славянскіге жол ашылады, дейді ол. Ал Красный Лиман жақын арада босатылады, әскер Славянскіге қарай жылжиды.
Донецк Халық Республикасындағы Константиновканың жартысынан көбі босатылды, дейді Владимир Путин. Сонымен бірге Украин әскерилері Красноармейскінің кем дегенде бір бөлігін қайтарып алуға тырысуда, бірақ үлкен шығынға ұшырайды, деді ол.