Ресей Украинаға түн ішінде 500-ден астам дрон мен зымыран ұшырған

0
602

Шабуыл Украинаның Львов, Полтава, Черкассы, Николаев және Запорожье облыстарын қамтыды.


Ресей Украинаға түн ішінде 500-ден астам дрон мен зымыран ұшырған

Фото: Украинаның төтенше жағдайлар қызметі

ERNUR.KZ. 29 маусымға қараған түні ауқымды шабуыл болғанын Украинаның Қарулы күштері де растады, деп жазады inbusiness.kz.

Украина Әскери-әуе күштері қолбасшылығының мәліметі бойынша, Ресей жексенбіге қараған түні 477 ұшқышсыз ұшақты ұшырған. Сонымен қатар жердегі нысандарға соққы беру үшін де қолданатын 46 қанатты зымыран, жеті "Искандер" баллистикалық зымыраны, төрт "Кинжал" аэробаллистикалық зымыраны және үш S-300 зениттік зымыраны ұшырылғаны хабарланды.

Ұшқышсыз ұшақтар мен қанатты зымырандардың жартысына жуығы түсірілген, 225 ұшқышсыз ұшақтың нысанасынан ауытқып кеткен және баллистикалық зымырандардың бірі де түсірілген.

Бұл жолғы соққылардан жаппай қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Шабуыл Украинаның Львов, Полтава, Черкассы, Николаев және Запорожье облыстарын қамтыды.

Украина Қарулы Күштері де F-16 ұшағының жоғалғаны және әуе шабуылына тойтарыс берген ұшқышының қаза тапқаны туралы хабарлады. Президент Владимир Зеленский де түнгі шабуылға қатысты пікір айтқан:

"Соғысты тоқтату керек, агрессорға қысым жасау керек, бізге қорғаныс керек. Баллистикадан, зымыран мен ұшқышсыз ұшақтардан, террордан Украина әуе қорғанысын күшейтуі керек. Қорғайтын нәрсе бұл – біз сатып алуға дайын америкалық жүйелер", – деді Зеленский.