Жігітке қысым тек қатарластарының тарапынан ғана емес, мұғалімнің тарапынан да болған көрінеді.
Фото: pexels
Astrakhanpost мәліметінше, жасөспірім 18 қараша күні кешке Камызяк шетіндегі Табола шағын ауданында өзен жағасынан табылған. Тірідей жанып жатқан жігітті көршісі байқап қалып, сөндіре бастады. Алайда жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.
Сурет: "Атипичная Астрахань", "Астрахань Новости"
Әлеуметтік желі қолданушылары қаршадай баланың мұндай күйге түсуін мектептегі буллингпен байланыстырды. Жігітке қысым тек қатарластарының тарапынан ғана емес, мұғалімнің тарапынан да болған көрінеді. Қазір істің мән-жайын құзырлы органдар анықтауда.
Жағдайға Астрахан облысының Білім және ғылым министрі Мария Шалак түсініктеме берді. Оның айтуынша, министрлікте оның басшылығымен арнайы комиссия құрылды, олар "тергеу комитетінің қызметкерлеріне оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда көмек көрсетеді".