Ресейде коронавирус жұқтырған әйел қайтыс болды

0
653

Бұл туралы жедел штаб хабарлаған.


Ресейде коронавирус жұқтырған әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Мәскеуде коронавирус жұқтырған 79 жастағы әйел қайтыс болды, деп жазады Тengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, әйел бірнеше созылмалы ауруға шалдыққан.

"Егде жастағы әйел бірнеше ауруға шалдыққан, оның ішінде 2-типтегі қант диабеті, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, несеп-тас ауруы және тағы басқа. Науқасқа жансақтау бөлімінде интенсив терапия жасалған. 79 жастағы әйел ауруханаға 13 наурызда түскен. Ал 14 наурызда туыстарының өтінішімен жекеменшік медициналық мекемеге ауыстырылды", - деп жазады басылым.