Саябақта алып пицца пісіріледі

0
1 014

Бүгін ірімшік пен пицца Фестивалі басталды.


Саябақта алып пицца пісіріледі

ERNUR.KZ. 12, 13 және 14 желтоқсан күндері Өзбекстан елінің астанасында ірімшік пен пицца Фистивалі өтеді. Аталған шара барысында Tashkent City саябағында алып пицца пісіріледі, деп жазады ca-news.org.

Бұл күні ірімшік ұнататындарға көптеген өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Ал пиццериялар болса халыққа түрлі пиццалардан дәм татқызады. Ал 14 желтоқсан - Фестивальдің ең қызықты күні. Сол күні қонақтар алып пиццадан дәм татады.

Фестивальдің үш күні де қызықты әрі тартымды өтеді деп жоспарланған. Атақты диджейлер, көше музыкантары мен музыкалық топтар, КВН командалары өнер көрсетеді.