Сербияда аммиак тиелген цистерналар аударылып, төтенше жағдай жарияланды

0
645

60 мыңға жуық тұрғыны бар Пиротта бірқатар көше жабылды. Адамдарға үйлерінен себепсіз шықпау қажеттігі ескертілді.


Сербияда аммиак тиелген цистерналар аударылып, төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Сербияның оңтүстік-шығысындағы Пирот қаласында аммиак таситын жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апаттан кейін қаланың бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға жексенбі, 25 желтоқсан күні кешке болған. Сербия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, апаттан кейін атмосфераға аммиак көп мөлшерде тараған.

Қала мэрі Владан Васичтің айтуынша, 51 адамнан улану белгілері анықталған, оның жетеуі ауруханаға жатқызылды. 60 мыңға жуық тұрғыны бар Пиротта бірқатар көше жабылды. Адамдарға үйлерінен себепсіз шықпау қажеттігі ескертілді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аммиактың таралуынан жол дұрыс көрінбей, Болгарияға апарар күре жолда бірнеше көлік апатқа ұшырады. Магистраль жабылып, көлік қозғалысы жергілікті жолдар бойынша ұйымдастырылды.

Сербияның Srbija Kargo ұлттық жүк теміржол компаниясының мәліметінше, рельстен шығып кеткен пойыз Болгариядан 20 цистернаға құйылған қауіпті жүкті тасымалдап келе жатқан. Оқиғаның елді мекендерден тыс жерде болғаны хабарланды. Қауіпсіздік мақсатында төрт шақырым радиустағы аймақ қоршауға алынған.