Сирияда лаңкестік топ шабуыл жасап, 100-ден аса адам көз жұмды

0
187

Сирия қарулы күштері шабуылды Сирияның солтүстік-батысының көп бөлігін бақылайтын «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымы жасағанын мәлімдеді.


Сирияда лаңкестік топ шабуыл жасап, 100-ден аса адам көз жұмды

Фото: Сирияның адам құқықтар обсерваториясы

ERNUR.KZ. Сирияның Алеппо провинциясындағы ел армиясы бақылауындағы аймақтарға шабуыл жасалды. Қақтығыс салдарынан 130 адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Сирия қарулы күштері шабуылды Сирияның солтүстік-батысының көп бөлігін бақылайтын «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымы жасағанын мәлімдеді.

«Біздің күштер жағдайдың бұрынғы қалпына келтіру үшін күрес жүргізуде», — делінген армия мәлімдемесінде.

Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметінше, қақтығыстар кезінде қақты, ысқа қатысқан екі тараптан 100-ден аса адам қаза тапқан.

Сириялық SANA агенттігінің хабарлауынша, «Сирия қарулы күштері әртүрлі қару түрлерін қолданып, лаңкестік шабуылға тойтарыс берген.

Айта кетсек, «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) тобы «Әл-Қаиданың» (Қазақстанда тыйым салынған — авт.) бұрынғы сириялық бөлімі және Сирияның солтүстік-батысының бір бөлігін бақылайды. Бұрынғы жылдары бұл топ «Джабхат ан-Нусра» деп аталды, бірақ кейін «Әл-Қаидадан» алшақтау үшін атын өзгертті.