Дауыс беруді сайлау органдары (сайлау алқалары) тікелей және жасырын дауыс беру арқылы өткізеді және түпкілікті қорытынды Президенттің жарлығымен бекітіледі.
Фото: SANA
ERNUR.KZ. Сирияның саяси өмірі жаңа кезеңге аяқ басты, деп жазады inform.kz.
Комитет сондай-ақ сайлау органдарының жұмысына шағым беру мерзімін 21 қыркүйекке дейін ұзарту туралы жариялады. Бұған дейін Сирия билігі сайлауды қыркүйектің 15-і мен 20-сы аралығында өткізуді жоспарлаған болатын.
Рәсімге сәйкес, процесс кандидаттардың өтініштерін қабылдауға жауапты сайлау органдарын (ескерту. сайлау алқасын) тағайындайтын Жоғарғы сайлау комитетінің кіші комиссияларды құруынан басталады. Осы өтінімдер негізінде алдын ала тізімдер жасалады. Кандидаттарды тіркеуге қатысты шағымдар түпкілікті тізімдер бекітілгенге дейін рұқсат етіледі.
Дауыс беруді сайлау органдары (сайлау алқалары) тікелей және жасырын дауыс беру арқылы өткізеді және түпкілікті қорытынды Президенттің жарлығымен бекітіледі. Парламенттегі 210 депутаттың үштен бірін, яғни 70 депутатты президент тағайындайды.
SANA ақпарат агенттігінің мәліметінше, өткен айда сайлау комиссиясы тұрақсыздық пен қарулы топтардың болуына байланысты үш провинцияда – Сувейда, Хасаке және Раккада дауыс беру кейінге шегерілетінін мәлімдегенімен, халық жиналысының 210 мүшесіне дауыс беру «барлық сайлау округтерінде» өтеді.
Алдағы науқан 2024 жылдың желтоқсанында Башар Асад қашқаннан кейін билікке келген Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа басқаратын жаңа әкімшілік құрылғаннан бергі алғашқы науқан болмақ.
Жаңа парламент экономикалық реформаға бағытталған заңнаманы бекітуде, сондай-ақ елдің сыртқы саяси одақтарын өзгертуі мүмкін келісімдерді ратификациялауда маңызды рөл атқаруы тиіс.
Осы жылдың наурыз айында Сирия аш-Шарааның басшылығымен өтпелі кезеңнің негізін белгілейтін конституциялық декларация жариялады.
Бұған дейін Сирия қауіпсіздік мақсатында үш провинциядағы сайлауды кейінге қалдырғанын жазған болатынбыз