Таиландтағы ірі өрт: 27 адам қаза тауып, 60-тан астамы зардап шекті

0
119

Өртсөндірушілер тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.


Таиландтағы ірі өрт: 27 адам қаза тауып, 60-тан астамы зардап шекті

Фото: facebook / Fire & Rescue Thailand

ERNUR.KZ. Бангкоктағы Na Ladprao пабында жойқын өрт шығып, кем дегенде 27 адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның жазуынша, бұл туралы Associated Press агенттігі жергілікті билік берген мәліметке сүйеніп хабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы хабарлама түн ортасында түскен. Өртсөндірушілер тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.


Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракунның айтуынша, 27 адам мерт болып, тағы бірнеше жараланған адам ауруханаға жеткізілген. Ол көптеген мәйіт дәретханадан табылғанын нақтылады.

Ескерту: Назар аударыңыз! Видеоны 18 жасқа толмағандар мен психикасы тұрақсыз жандарға көруге кеңес берілмейді.

Сонымен қатар Reuters агенттігі билік өкілдеріне сілтеме жасап, өрт салдарынан 63 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Чанвиракунның сөзінше, барда өнер көрсеткен музыкант сахна жанындағы ажыратқыштан түтін шыққанын көргенін айтқан. Осыдан кейін тарсыл дыбысы шығып, ғимарат ішін түтін басқан және мекемеде электр жарығы сөніп қалған.