Тәжікстан мен Қырғызстан жер учаскелерін алмастыруы мүмкін

0
1 020

Тәжік-қырғыз шекарасының жалпы ұзақтығы - 976 шақырым, соның 504 шақырымы ғана заңдастырылған. Соған байланысты шекарада екі елдің елді-мекендері жанжалдасып қалып жатыр.


Тәжікстан мен Қырғызстан жер учаскелерін алмастыруы мүмкін

ERNUR.KZ. Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарадағы тұрақтылықты сақтау мақсатында жер учаскелерін алмастыру мүмкіндігін талқылады, деп жазады centralasian.org.

Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің аппараты тәжік-қырғыз шекарасын заңдастыру жөніндегі Душанбедегі келіссөздерден соң хабарлады.

Жиналыста қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара сызығын анықтау мен топографиялық карта дайындау мәселелері талқыланған.

Тәжік-қырғыз шекарасының жалпы ұзақтығы - 976 шақырым, соның 504 шақырымы ғана заңдастырылған. Соған байланысты шекарада екі елдің елді-мекендері жанжалдасып қалып жатыр.

Тәжік-қырғыз шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы 6 сәуірде кешке Душанбеде аяқталды. Екі елдің ресми делегацияларын тәжік вице-премьері Азим Иброхим мен оның қырғыз әріптесі Жениш Разаков басқарды. Жиналыс жабық өтті.