Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
98

Пәкістан мен Үндістанда алапат тасқын жүріп, лай көшті. Салдарынан 380-нен аса адам опат болды.


Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

© Sputnik / Виталий Аньков

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорда.

Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.
"Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.