Трамп Ормуз бұғазының атауын ауыстыруды ұсынды

0
109

Оның сөзінше, Иран мен Оман арасындағы стратегиялық маңызды теңіз жолы қазір АҚШ бақылауында.


Трамп Ормуз бұғазының атауын ауыстыруды ұсынды

Фото: axios.com

ERNUR.KZ. Сол себепті, АҚШ президенті Ормуз бұғазын өзінің атымен атауды ұсынған, деп жазады inbusiness.kz.

Ол мұндай ойы бар екенін Truth Social желісінде жазған.

– Енді ол АҚШ бақылауында болғандықтан, Ормуз бұғазының атауын “Трамп бұғазы” деп өзгертуіміз керек пе? – деп сұрау салды Трамп.

Оның сөзінше, бұдан кейін бұл су жолы бұрынғыдан да қызу талқыға түседі. Ол мұны Американың өзімен де салыстырған.

Соңғы апталарда Трамп стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын АҚШ құрамына қосу туралы да бірнеше рет мәлімдеген. Ол Truth Social парақшасында бұғаз “New U.S. Territory”, яғни “АҚШ-тың жаңа аумағы” деп көрсетілген картаны да жариялады.

Дональд Трамп географиялық нысандардың атауын өзгертуге қатысты ұсыныстарын бұған дейін де айтқан.

Өткен аптада ол Канадамен шекарада орналасқан Онтарио көлін “Америкалық көл” деп атауды тапсырған.

Ал бұған дейін Мексика шығанағын "Америкалық шығанақ" деп өзгертуді ұсынған болатын.