Жер сілкінісінің ошағы Элязыг провинциясында тіркелген.
ERNUR.KZ. Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зізаладан 15 адам қаза тауып, 553 тұрғын емханаға жеткізілген.
Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.