Түркияда инфляция рекордтық деңгейге жетті

0
414

Түркияда азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындардың бағасы бір жылда 93%, көлік бағасы 117,66% өскен.


Түркияда инфляция рекордтық деңгейге жетті

ERNUR.KZ. 3 қазанда Түркияның Ұлттық Статистика институты бір жылдағы елдегі инфляция 83,45% болғанын мәлімдеді. Мұнда көбіне алкогольсіз сусындар, көлік қызметі мен азық-түлік қымбаттаған, деп жазады zakon.kz.

Сарапшылардың айтуынша, Түркияда азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындардың бағасы бір жылда 93%, көлік бағасы 117,66% өскен.

Байланыс және білім саласындағы қызмет бір жылда ең аз қымбаттаған, сәйкесінше 30,76% және 36,69%.

Сонымен қатар тұрғын үй нарығында да бағаның үдемелі өсуі байқалды. Ол ай сайын 9,99% өсті. Жылдық есеппен алғанда баға 85% көтерілген.

Түркия Статистика институтының мәліметінше, 4 маусымда елдегі жылдық инфляция 70%-дан асты.