Тұрмысқа шығу үшін ханшайым атағынан айырылған қыз миллион доллар алатын болды

0
2 578

Аяко ханшайым жергіліктікті компанияның қатардағы қызметкеріне тұрмысқа шығу үшін корольдік дәрежесінен бас тартты.


Тұрмысқа шығу үшін ханшайым атағынан айырылған қыз миллион доллар алатын болды

ERNUR.KZ. Жапонияның императоры Акихитоның немере қарындасы Аяко Такамадо ханшайым қарапайым жігітке тұрмысқа шығу үшін өзінің дәрежесі мен атақ-лауазымынан бас тартты.

Жапон ханшайымының таңдауы жергілікті кеме компаниясының қатардағы менеджері болды.

Дәстүр бойынша, император әулетінің әйелдері ата-тегі атақты емес адамға тұрмысқа шықса, ол өзінің барлық атағынан, ақсүйектік дәрежесінен бас тартуы тиіс. Бірақ император әулетінің еркектері қарапайым қызға үйленуге құқылы.

Аяко ханшайымның неке қию рәсімі Токиодағы ғибадатханалардың бірінде өтті. Үйлену тойына туыстарымен қосқанда отыз шақты адам қатысқан.

Айта кету керек, корольдік дәрежесінен бас тарту император әулетінен шыққан әйелдердің өміріне айтарлықтай кедергісін келтірмейді. Есесіне мемлекет оған миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді.

Дереккөз: tvzvezda.ru