Украинадан қашқан босқындар саны 5,7 миллионнан асты

0
625

Польшаға Украинадан үш миллионнан астам босқын барды.


Украинадан қашқан босқындар саны 5,7 миллионнан асты

ERNUR.KZ. 24 ақпан мен 5 мамыр аралығында 5 707 967 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасын кесіп өтті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (UNHCR) мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

БҰҰ БЖКБ мәліметінше, 24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшаға орналасқан.

Осылайша, Польшаға – 3 119 196, Румынияға – 854 292, Ресейге – 714 713, Венгрияға – 545 311, Молдоваға – 450 797, Словакияға – 388 282, Беларуське 25 852 украиналық кеткен.

Сонымен қоса, БҰҰ БЖКБ 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адамның кеткенін хабарлады.