Ұлыбритания Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 57 млн доллар бөледі

0
875

​Осы күнге дейін ресми Лондон Киевке гуманитарлық көмек көрсету үшін 220 млн фунт стерлин (278 млн доллар) шығындады.


Ұлыбритания Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 57 млн доллар бөледі

ERNUR.KZ. Ұлыбритания Украинадағы қақтығыс салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде 45 млн фунт стерлинг (57 млн доллар) бөледі, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл қаражат БҰҰ құрылымдары мен гуманитарлық ұйымдар арқылы жіберіледі.

"Бөлінген қаржы Украинада зорлық-зомбылық пен қанауға тап болған әйелдер мен балаларға бағытталады", – деді ведомство басшысы Лиз Трасс.

БҰҰ-ның Украина үшін арнайы ашылған гуманитарлық көмек қорына және БҰҰ-ның Балалар қорына 15 млн фунт стерлингтен (19 млн доллар) беріледі.

Молдавиядағы босқындарға көмектесіп жатқан гуманитарлық ұйымдарға 10 млн фунт стерлинг (12,6 млн доллар), ал Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ұйымдарының халықаралық федерациясына 5 млн фунт стерлинг (6,3 млн доллар) бөлінеді. Осы күнге дейін Ұлыбритания Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін 220 млн фунт стерлин (278 млн доллар) шығындады.