Ұлыбритания жарты жылда Украинаға 85 мыңнан астам дрон жеткізген

0
101

АҚШ президенті Украинаға Tomahawk зымырандарын жеткізуге қатысты шешімді қабылдағанын айтты.


Ұлыбритания жарты жылда Украинаға 85 мыңнан астам дрон жеткізген

фото: РИА Новости

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хилидің мәлімдемесіне сәйкес, Ұлыбритания алты ай ішінде Украинаға 85 мыңнан астам ұшқышсыз ұшақ жеткізген, деп жазады sputnik.kz.

"Ұлыбритания соңғы алты айда 85 мыңнан астам ұшқышсыз ұшатын аппаратты жетткізіп, мыңдаған жаңа дрондарды жылдам дайындау үшін жаңа өнеркәсіптік серіктестіктерге қол қойып, Украинаға қолдауын жан-жақты күшейтіп жатыр", - деп жазылған мәлімдемеде.

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Осы аптада АҚШ президенті Украинаға Tomahawk зымырандарын жеткізуге қатысты шешімді қабылдағанын, бірақ Киевтің оларды қалай пайдаланғысы келетінін түсінгісі келетінін мәлімдеді.