Ауадағы зиянды заттар мөлшері 20 есеге артқан.
ERNUR.KZ. Үндістан астанасы Нью-Делиде төтенше жағдай жарияланды. Қаланы көк түтін тұмшалаған. Адамдардың тынысы тарылып арнайы бетперде тағынып жүруге мәжбүр, деп хабарлайды ktk.kz.
Ауадағы зиянды заттар мөлшері 20 есеге артқан. Қауіпті жағдайды ескере отырып жергілікті билік өкілдері мектептер мен балабақшаларды 5 қарашаға дейін жауып тастады.
Сондай-ақ Нью-Дели мен астанаға жақын аймақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізіп, отшашу атуға тыйым салынған. Экологтар алып шаһардағы ауаның ластануына егін жинағынан қалған қалдықтарды өртеген фермерлерді кінәләп отыр. Оған қоса қалада жүйіткіп жүрген машиналардың түтіні бар. Келесі аптадан бастап шенеуніктер Нью-Делидегі көлік қозғалысын шектеуді қолға алмақ.