Үш сағаттан кейін Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөзі басталады

0
141

Екі кездесу де Долмабахчеде өтеді.


Үш сағаттан кейін Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөзі басталады

ERNUR.KZ. Ресей, Украина және Түркия келіссөздер сағат 12:30-да басталады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ресей, Украина және Түркия делегацияларының қатысуымен Ыстамбұлдағы келіссөздер Гринвич бойынша сағат 9:30-да (Мәскеу, Стамбұл және Киев уақытымен 12:30) басталады, деп хабарлайды Reuters, AFP және РИА Новости Түркия Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап.

Оның алдында украин делегациясы Түркия және АҚШ өкілдерімен кездеседі. Бұл кездесу Гринвич бойынша 7:45-ке (Мәскеу, Стамбұл және Киев уақытымен 10:45) жоспарланған.

Екі кездесу де Долмабахчеде өтеді.

Бұған дейін Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский украин өкілдерін жергілікті уақыт бойынша таңғы 10-нан бастап күтетінін мәлімдеген.

ПУТИННІҢ ҰСЫНЫСЫ

11 мамыр түнде Ресей президенті Владимир Путин Украинамен ешқандай алдын ала шартсыз тікелей келіссөз бастау ұсынысын білдірді. Путин кездесуді 15 мамырда Стамбулда өткізуге шақырды. Украина президенті Владимир Зеленский бұл ұсынысты жақсы белгі деп қабылдап, кездесуге дайын екенін жеткізді.

Бірнеше күн бойы ресейлік тарап Путиннің келіссөздерге қатысатыны-қатыспайтыны жайлы ақпаратты жасырып келді. Ақыры, Путин Түркияға көмекшісін жіберген.