"Ұшақта құрбымның ұлы болды": Әзірбайжандық әнші Роза Зергерлі қазақстандықтарға үндеу жасады

0
267

Өнер иесі жеке парақшасына видео жүктеп, үндеу жасады.


Фото: https://www.instagram.com/rozazergerli/

ERNUR.KZ. “Istedim” әні арқылы танымал болған Роза Зергерлі Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концертінің өтпейтінін айтып, үндеу жасады, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі жеке парақшасына видео жүктеп, үндеу жасады.

“Құрметті, оқырмандар! Үндеуді орыс тілінде айтайын. Ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Менің Қазақстан өңіріне концерттік турым басталатын еді. Бірақ мен бәрінен бас тарттым. Атыраудағы концертімді де болдырмадым. 1500 адамның алдына шығып ән айтпадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Бұл – орны толмас өкініш пен трагедия. Ұшақта менің құрбымның ұлы да болды. Өзімнің жерлестеріме және қазақ, орыс, қырғыз, грузин бауырларыма көңіл айтамын. Менің қабылдаған шешіміме түсіністік танытасыздар деп ойлаймын. Мені қолдаған барлық тыңдарманға алғыс білдіремін”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік.

Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды.

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам опат болды.

Ұшақтағы қазақстандық азаматтардың барлығы көз жұмды.