Вашингтондағы ұшақ апаты: 41 адамның денесі табылды

0
298


Вашингтондағы ұшақ апаты: 41 адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп жазады BAQ.KZ.

Колумбия округінің өрт қызметінің басшысы Джон Доннелидің мәлімдеуінше, өңірдегі қатты тұманға қарамастан қалған 26 адамның денесі іздестіріліп жатыр.

“Біз 41 адамның дене қалдықтарын алып шықтық. Олардың 28-інің тұлғасы анықталды”, - деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ қаза тапқандардың арасында үш сарбаздың екеуінің кім екендігі анықталған.