Вьетнам астанасы көк түтінге оранды

0
2 788

Көк астық жиналған соң диқандардың егістік алқаптарын өртеп жіберуі себеп болуы мүмкін.


Вьетнам астанасы көк түтінге оранды

ERNUR.KZ. Ханой қаласы қою түтін тұмшалап тұр. Қаладағы ауаның ластану деңгейі қыркүйек айы бойы артып, аса қауіпті деңгейге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың мәліметі бойынша ауадағы зиянды заттардың мөлшері 1 куб метрге 230 микрограммнан асып кетіпті. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қалыпты жағдай 1 куб метр ауаға 10 микрограмм болуы тиіс екенін айтады. Өз кезегінде ел билігі мұндай жағдайды бірнеше себеппен байланыстырады.

Атап айтсақ, көк түтінге жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі мен астық жиналған соң диқандардың егістік алқаптарын өртеп жіберуі әсер етсе керек.